Бiз туралы
Social Innovation Lab цифрлық зертханасы
Біздің мақсатымыз – озық технологиялар мен цифрлық шешімдерді пайдаланып, жасөспірімдер мен балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға өз үлесімізді қосу
Astana Hub пен БҰҰ балалар қоры (ЮНИСЕФ) Social Innovation Lab зертханасын іске қосып отыр, оның мақсаты Қазақстан Республикасында балалардың мүдделеріне бағдар алған әлеуметтік инновациялардың бағыттары бойынша жобаларды қолдау мен дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

Ынтымақтастықтың шеңберінде:

- Бала құқықтары мәселелерін және олардың цифрлық үкіметтің басымдықтарымен байланысын талқылау.

- Мемлекеттік сектордың балалардың ең жақсы мүдделерін ілгерілету бойынша жұмыстың нәтижелері туралы хабардар болуын жақсарту үшін, цифрлық технологиялар мен деректердің барлық артықшылықтарын пайдалануда мемлекеттік органдарға көмек көрсету.

- Балаларға арналған цифрлық қызметтерге акцентпен қоғамдық құндылықтарды қалыптастыруға арналған платформаларды дамыту жоспарланып отыр..
Әлеуметтік инновациялар зертханасы үкіметтен, корпоративтік және коммерциялық сектордан, азаматтық бастамалардан және ғылыми топтардан серіктестерге балалар мен жастарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатынау мүмкіндігін беру, балалар мен жастарды тарту және деректерге құрылған мемлекетік саясатты қалыптастырған кезде өздерінің пайдаланушылық мүдделерін білдіру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатымен инновацияларды бірлесе енгізуге және адамдарға бағдар алған дизайнды қолдануға мүмкіндік береді.
Зертхана серіктестерге үлкен деректерді пайдаланып технологияларға негізделген, балаларға арналған жалпы қолжетімді өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді инкубациялауға, жасауға және нақтылап жетілдіруге жағдай жасайды.
Tilda Publishing
Made on
Tilda