АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР

БАЛАЛАРМЕН БУЛЛИНГ ТУРАЛЫ ҚАЛАЙ СӨЙЛЕСУ КЕРЕК

ЮНИСЕФ
Мектепте баламның кемсітулердің алдын алуына қалайша көмектесе аламын?

1) Өзіңіздің балаларыңызға буллинг дегеннің не екендігі жайлы айтып беріңіз. Олар кемсітулер мен қудалаулар дегеннің не екенін білгеннен кейін-ақ, балаларыңыз мұның өздерімен немесе тағы әлдекіммен болып жатқандығын оңайырақ айырып тани алады.

2) Балаларыңызбен жиі және ашық сөйлесіңіз. Сіз олармен буллинг туралы қаншалықты көбірек сөйлессеңіз, егер осыны көрсе немесе бастан кешкен болса, оларға сізге әңгімелеп беру соғұрлым жайлырақ болады. Балаларыңызға олардың мектептегі өмірі туралы және олардың Интернетте немен айналысатындығы туралы сұрақтарды күн сайын қойып отырыңыз. Олардың сабақтары мен бағалары туралы ғана емес, олардың сезімдері мен достары туралы да сұрақтар қойыңыз.

3) Өз балаңызға еліктеу үшін үлгі болуға көмектесіңіз. Кемсітулерде үш жақ бар: құрбан болып отырған бала, жәбірлеуші және байқаушы. Тіптен балалар кемсітудің құрбандары болып табылмаса да, өз құрбыларына қатысты инабатты және мейірімді болып, олар кемсітулердің алдын ала алады. Егер олар кемсітулердің куәгерлері болып шықса, олар құрбанға болыса, қолдау көрсетуді ұсына және / немесе кемсітулермен байланысты мінез-құлықты, жүріс-тұрысты күмәнді ете алады.
4) Балаға өзіне деген сенімділікті дамытуға көмектесіңіз. Өз балаңызды қандай да бір үйірмелерге немесе сабақтарға жазылуға шақырыңыз. Бұл да сенімді нығайтуға және мүдделері ортақ достар тобын құруға көмектеседі.

5) Еліктеу үшін үлгі болыңыз. Өзіңізді қоршаған адамдарға тап осылайша қарап, өз балаңызға басқа балаларға және ересектерге қалайша мейіріммен және құрметпен қарау керектігін көрсетіңіз, оның ішінде басқаларға нашар қараған кездерді айтып отырыңыз. Балалар өздерінің ата-аналарына өзін қалай ұстау керектігінің, оның ішінде, Интернетте нені орналастырудың үлгілері ретінде қарайды.

6) Олардың онлайн кеңістігінің бір бөлігі болыңыз. Балаңыз пайдаланатын платформалармен танысып шығыңыз, балаңызға онлайн мен оффлайн әлемдердің қалай байланысқанын түсіндіріп беріңіз және оларды өздері Интернетте ұшырасатын әртүрлі тәуекелдер туралы ескертіңіз.
Егер мектепте менің баламды кемсітіп, келемеждесе, не істеуім керек?

1) Өз балаңызды тыңдап шығыңыз. Оның өзін түсінетіндігін және қолдайтындығын сезінгендігі маңызды. Мәселені түсіну мен шешу әрекеттерін кейінге қалдырыңыз. Жай ғана тыңдап шығыңыз, оның жанында болыңыз және қолдау көрсетіңіз.

2) Балаңызға оған сенетініңізді, оның өз мәселесін бөліскеніне қуанышты екендігіңізді айтыңыз. Баланы бұл оның кінәсі еместігіне және көмектесу үшін, өзіңіздің қолдан келетіннің бәрін жасайтындығыңызға сендіріңіз.

3) Мұғаліммен немесе мектеп әкімшілігімен сөйлесіңіз. Сіз бен балаңыз кемсітулермен, жәбірлеулермен жапа-жалғыз күресуге тиіс емессіздер. Сіздің мектебіңізде буллинг жағдайында мінез-құлық, жүріс-тұрыс кодексі бар ма деп сұраңыз. Мектеппен бірге әрекет етіңіз.

4). Балаңызды үнемі қолдап отырыңыз. Жақсы көретін ересектердің қолдау көрсетуі кемсітіп, келемеждеулердің зардаптарымен күресу үшін өте маңызды. Балаңыз өзіңізбен кез-келген уақытта сөйлесе алатынын білсін. Оны барлығының да орнына келетіндігіне, одан да жақсырақ болатындығына сендіріңіз.
Егер менің балам мектепте әлдекімді кемсітіп, жәбірлесе, не істеуім керек?

Егер балаңыздың мектепте басқа балаларды кемсітіп, жәбірлейтіндігіне күмәніңіз бар болса, бірінші кезекте, мұндай мінез-құлық, жүріс-тұрыстың қандай да бір себептері бар екендігін есте ұстаңыз. Балаңыз өз өзінен жаман емес. Қалғандардың артына жиі түсіп, күн көрсетпейтін балалардың қоғамға сай болғысы келеді, назар аударуды қажетсінеді немесе жай ғана күрделі эмоцияларды құрықтауға тырысады. Кей жағдайларда «бұзақылардың» өздері үйінде немесе қоғамда зорлықтың құрбандары немесе куәгерлері болып отырады. Балаңызға көмектесу және зорлықты тоқтату үшін, Сіз мынаны жасай аласыз:

1) Айтыңыз. Балаңыз өзін неліктен осылай ұстайды? Ол мектепте өзін сенімсіз сезіне ме? Ол досымен немесе туған аға-інісімен немесе туған апа-сіңлісімен жанжалдаса ма? Егер ол өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын түсіндіріп бере алмаса, Сіз балалармен жұмысқа оқытып-үйретілген әлеуметтік қызметкермен немесе психологпен кеңесе аласыз.

2) Қиындықтардан өтудің салауатты тәсілдерін табыңыз. Балаңыздан оны уайымға батырған жағдайды түсіндіріп беруін өтініңіз және жауап қайтарудың сындарлы тәсілдерін ұсыныңыз. Мынандай жаттығуды пайдаланыңыз – балаңыздан «өзін олардың орнына қоюын» өтініңіз. Онлайн түсіндірмелердің нақты әлемде зиянды екендігін есіне салыңыз.

3) Өзіңізге көз тастаңыз. Басқалардың ізіне түсіп, күн көрсетпейтін балалар көбінесе үйінде көргендерін қайталайды. Олар Сізден немесе жанұяның басқа мүшесінен күш көрсетуге немесе эмоциялық зорлыққа ұшырай ма? Өзіңізге көз тастаңыз да, өз балаңызға не беретініңізді ойланыңыз.

4) Жағдайды түзетуге мүмкіндік беріңіз және өзіңіз, бірақ зорлықсыз әрекет етіңіз. Мысалы, қудалаумен байланысты іс-әрекетті – оның достарымен кездесулерін, телефонын, әлеуметтік желілердегі уақытын шектеп, қандай да бір шектер қойыңыз. Балаңызды өз құрбыларының алдында кешірім сұрауға және болашақта олар мейірімдірек бола алатындай тәсілдер табуға шақырыңыз.
Кемсітіп, жәбірлеулер мен қудалаулар балалар үшін теріс зардаптарға ие. Кемсітіп, жәбірлеулердің күш көрсетіп әсер етумен қатар, депрессия мен беймазалықты қоса, балалар денсаулықпен болатын эмоциялық және психикалық проблемаларды бастан кешуі мүмкін. Сіздің балаңыздың мұнда әрбір бала өзін қауіпсіздікте сезінетін қамқоршыл мектеп ортасына құқы бар.
All photo and video materials belong to their owners and are used for demonstration purposes only. Please do not use them in commercial projects.
Tilda Publishing
Made on
Tilda